jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы облысында анасы мен баласын өзен ағысы алып кетті

    Өзен
    Өзен. Көрнекі фото: pexels.com

    Алматы облысында анасы мен баласын өзен ағысы алып кеткен. Құтқарушылар әйелдің денесін тапты. Баланы іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Телеарнаның Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, 1981 жылғы әйел мен оның 2015 жылғы баласы Талғар өзенінің жағасына барған. Демалыс кезінде олар суға құлап, ағыс алып кеткен. 22 маусымда сағат 15:55-те Талғар ауданы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Маралсай шатқалында құтқару-іздеу жұмыстары басталған.

    "Республикалық жедел- құтқару жасағының құтқарушылары судан әйелдің денесін шығарды. Өзен жағасында баланы іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына шамамен 110 қызметкер және 20-дан астам техника тартылған", - деп хабарлады облыстық ТЖД өкілдері телеарнаға.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.