jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматыдағы Сайран көлінде жасөспірім суға кетіп көз жұмды

    Сайран
    Сайран. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

    Желіде Алматыдағы Сайран көліне батып кеткен жасөспірім туралы ақпарат тарады. Полиция іздеу шараларын қолға алған. Артынша оның денесі табылды, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    AlmatyToday Telegram-арнасы Сайран көлінің жағажайында жедел жәрдем көліктері және полиция қызметкерлері тұрғаны туралы ақпаратты жариялаған.

    Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі қазіргі таңда қолда бар ақпаратты мәлім етті.

    "Сайран көліндегі оқиға дерегі бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Суда екі кәмелетке толмаған жасөспірім болғаны анықталды. Олардың бірі өздігінен жағаға жеткен, екіншісінің тағдыры белгісіз. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Іздеу шаралары жалғасып жатыр", - деді полициядағылар.

    Кейіннен ПД жасөспірім суға кеткенін, оның денесі табылғаны туралы ақпаратты растады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.