jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы облысында өзен ағысы алып кеткен баланың денесі табылды

    өзен
    Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысы Талғар ауданында өзен ағысы алып кеткен баланың денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    2025 жылғы 21 маусымда Алматы облысы Талғар ауданындағы "Маралсай" курорттық демалыс аймағында қайғылы оқиға болған еді. Кәмелетке толмаған бала мен оның анасы өзенге құлап кеткен.

    Алматы облысы ТЖД-ның Жедел-құтқару жасағы мен Республикалық жедел-құтқару жасағының іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі табылып, судан шығарылды.

    Облыстық ТЖД өкілдері қаза болған баланың отбасына және жақындарына көңіл айтады. Құтқарушылар су жағасында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында анасы мен баласын өзен ағысы алып кеткенін хабарлағанбыз. Құтқарушылар әйелдің денесін тапқан еді.

    Сондай-ақ Алматыдағы Сайран көлінен жасөспірімнің денесі табылғаны хабарланды. 25 маусым күні сағат 19:26-да сүңгуірлер 1977 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Құтқарушылар Сайран көлінде шомылуға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Оның аумағында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.