jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы облысында баланы ит талап тастады: прокуратура жаңа деректерді бөлісті

    Қабаған иттер
    Иттер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматы облысы Жалпақсай ауылында итке таланған 10 жасар баланың оқиғасына қатысты облыстық прокуратура мәлімдеме жасады. Мәлімдеме ведомствоның ресми сайтында жарияланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Алматы облысы Жалпақсай ауылындағы футбол алаңында ойнап жүрген 10 жасар бала иттерге таланып, ауруханаға түскені хабарланған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, таңдағы мәлімет бойынша жалпы баланың жағдайы орташа ауыр. Ол 30 маусымда сағат 17:02-де Қарасай аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген. Бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, бірнеше сағаттан кейін травматология бөліміне ауыстырылған.

    Аталған жайтқа қатысты облыстық прокуратура мәлімдеме жасап, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

    "Алматы облысының прокуратурасы Қарасай ауданына қарасты Жалпақсай ауылында жас балаға иттердің шабуыл жасауы фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шабуыл жасаған иттер адамдарға әртүрлі тәуелділіктен емдеу көмегін көрсететін жекеменшік оңалту орталығының аумағында ұсталған.

    Тергеу аясында оңалту орталығының үй жануарларын ұстау ережелерін сақталуына құқықтық баға беріледі. Кінәлі тұлғалар заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. Істің тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауында", - деп жазылған мәлімдемеде.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.