jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі көз жұмған: дәрігерлер дабыл қақты

    Терезеден қарап тұрған бала
    Терезеден қарап тұрған бала. Көрнекі фото: pexels.com

    Өткен тәулікте 103 пультіне "бала құлады" деген себеппен төрт түрлі шақыру түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

    Елордада бір күнде төрт бала терезеден құлап кетті, олардың екеуі – қаза тапты. Балалар әртүрлі биіктен – 1-ден 16-шы қабатқа дейін құлаған.

    10 және 16-қабаттан құлаған балалар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оның біреуі 3 жаста, екіншісі 6 жаста болған. Тағы екеуі оқиға орнынан жедел жәрдеммен балалар стационарына жеткізілді, олардың денесінде көптеген жарақат бар. Қазіргі уақытта екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

    "Өкінішке қарай, ересектердің салғырттығының салдарынан балалардың денсаулығына үлкен зиян келіп қана қоймай, қайтыс болып та жатыр. Ауыр халде түскен балаларды көргенде: "Мұндай жағдайға ересектер қалай жол берді? Неге бала қараусыз қалды?" деген сұрақтар туындайды. Өкінішке қарай, биіктен құлау фактілері жылдан-жылға көбейіп келеді. Жыл басынан бері түрлі биіктен құлаған 51 бала бізге жеткізілді. Олардың төртеуі алған жарақатынан стационарда қайтыс болды",-деп мәлімдеді №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматолог-дәрігерлері.

    Дәрігерлердің айтуынша, көбіне оқиға себебі анамнез барысында анықталады: бала масаға арналған торға сүйеніп, терезеден құлап кеткен.

    "Масаға қарсы торға ешқашан сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғайтын құрал емес. Құрметті ата-аналар, балаңызды бір сәтке назардан тыс қалдыру ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін",-деп ескертті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

    Бұған дейін басқарма 103 диспетчеріне жасалған қоңыраудың аудиожазбасын жариялаған болатын, онда тұрғындар үреймен баланың құлағанын айтып, жедел жәрдемді шұғыл шақырған.

    Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарты жылдың ішінде 60 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Олардың тоғызы жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

    Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі көз жұмған: дәрігерлер дабыл қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.