jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Букреев шыңына шыққан жасөспірім құтқарылды

    Букреев шыңына шыққан туристер
    Букреев шыңына шыққан туристер. Фото: https://t.me/qr_tjm

    Өткен түнде Іле Алатауында бір топ туристпен бірге Букреев шыңына шыққан жасөспірімнің бірі құтқарылды. Ол өзін жайсыз сезінген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы ТЖМ-ның Telegram-арнасы хабарлайды.

    "Түнде Букреев шыңына (3010 м) шыққан туристер тобының ішінде үш бала болғаны және солардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел эвакуация қажет екені туралы ақпарат түсті.

     Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шұғыл түрде жолға шықты. Қиын әрі қолжетімсіз Бутаков шатқалы арқылы өтіп, құтқарушылар жаяу жүріп, алдын ала берілген координаттар бойынша жоғары көтерілді.

    Туристер маршрут бойынан табылды. Бала ұйықтап жатқан, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Құтқарушылар оны топтағы ересек адамның ілесуімен төмен түсіре бастады.

    ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде бала сәтті эвакуацияланып, таудың етегіне жеткізілді", - делінген хабарламада.

    Букреев шыңына шыққан жасөспірім құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.