Алакөлде катамаранға мініп, көлдің ортасына кеткен төрт адам өз бетінше жағаға қайта алмаған
Опубликовано:
Абай облысы Мақаншы ауданы Алакөл көлінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері патрульдеу кезінде суда қауіпке тап болған демалушылар тобын құтқарды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Құтқарушылар Алакөл көлінде төрт адамды құтқарды.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, катамаранға мінген төрт адам жағадан шамамен 10 шақырым қашықтыққа алыстап кеткен. Шаршағанына мен ауа райының қолайсыздығына байланысты олар өз бетінше жағаға қайта орала алмаған.
"Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық адам жағаға аман-есен жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және жабдықталмаған жерлерде шомылмауға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/accident/2265276-alakolde-katamaranga-minip-kolding-ortasyna-ketken-tort-adam-oz-betinshe-zhagaga-qaita-almagan/