jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Павлодарда 9 жасар бала тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті

    Балкон ғимарат
    Балкон ғимарат. Көрнекі фото: Lubov/Getty Images

    Павлодарда 9 жастағы бар ерекше қажеттіліктері бар бала биіктен құлап кеткен. Қазір ол Павлодар облыстық балалар ауруханасында жатыр, жағдайы ауыр.

    Бұл туралы Павлодар облысы бойынша балалар құқығы бойынша уәкіл Сәуле Шакенева айтты.

    "19 шілдеде сағат 21:55-те Павлодарда 2016 жылы туған ерекше қажеттіліктері бар бала тұрғын үйдің үшінші қабатындағы жалпыға ортақ балконнан құлап кетті. Жас жеткіншек көптеген жарақат алған, бірнеше жері сынған. Ол бірден Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деді Шакенева.

    Оның сөзінше, 20 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында 10 бала терезеден құлап кеткен.

    "Қазіргі уақытта аталған аурухананың травматология бөлімінде 2023 және 2016 жылғы екі бала ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты бірақ ауыр. Жағдай бақылауда",-деді балалар құқығы бойынша уәкіл.

    Павлодарда 9 жасар бала тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.