jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жұмыста ауыр жарақат алған қазақстандық әйел көз жанарынан және қозғалу мүмкіндігінен айырылды

    Мүгедек арбасы
    Арба. Көрнекі фото: pixabay.com

    Цехта оператор болып жұмыс істеген Қызылорда облысының тұрғынын түнгі ауысым кезінде тұз тасымалдайтын жүк көтергіш қағып кеткен. Жұмыс беруші оған 5 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтейтін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Қызылорда облысы Жақсықылыш ауылының тұрғыны 2013 жылдан бері тұз өңдеу цехында ораушы болып жұмыс істеп келген. 2021 жылы цех операторы қызметіне ауыстырылған.

    ️2025 жылдың қаңтарында дүкен қоймасында түнгі ауысым кезінде операторды тұз тасымалдайтын жүк көтергіш қағып кеткен.

    ️Ауыр жарақаттардың салдарынан оған бірнеше ота жасалған, сөйтіп көру және қозғалу мүмкіндігін жоғалтқан. Қазір оған үнемі сырттан көмек пен ем қажет, оның ішінде беті мен көзіне шұғыл ота қажет.

    Ә️йел сотқа еңбекке қабілетсіз болғанын, физикалық және психикалық қиындыққа тап болғанын, екі кішкентай қызы бар екенін көрсете отырып, жұмыс берушіден моральдық шығынды өндіруді сұраған.

    ️Өндірістік қызметпен байланысты жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу актісіне сәйкес жұмыс беруші 100 пайыз кінәлі екені анықталған.

    ️Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Компания өкілінің айтуынша, жайсыз оқиға абайсыздықтан болған, жұмыс беруші жәбірленушіге 850 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіп, алдағы оталарға жұмсалатын барлық шығынды өз мойнына алған.

    ️Сотта талап қоюшының психикалық және физикалық азап шеккені, денсаулығына ауыр зиян келтірілгені, қайталап ота жасауды қажет ететіні дәлелденді.

    ️Арал аудандық соты жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жұмыс берушіден зардап шеккен әйелге моральдық шығын үшін 5 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.

    ️Шешім заңды күшіне енді.

    Жұмыста ауыр жарақат алған қазақстандық әйел көз жанарынан және қозғалу мүмкіндігінен айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.