jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлады

    футбол қақпасы
    Футбол қақпасы. Фото: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

    Павлодар облысында ойын кезінде бала жарақат алды. Оның үстіне темірден жасалған футбол қақпасы құлаған. Футбол алаңын ауыл тұрғындары өздері жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 шілдеде Павлодар ауданына қарасты Жертұмсық ауылында ойнап жүрген баланың үстіне бекітілмеген темір қақпа құлаған.

    "Ойын алаңын ауыл тұрғындары өздері жасаған. Бұл алаңқай мен қақпа еш жерде баланста жоқ екені анықталды", - деді департаменттегілер.

    Полицейлер аудан әкіміне оқиғаға себеп болған жайттарды жою, оның ішінде балалар қауіпсіздігінің стандарттарына сәйкес келетін футбол алаңын ұйымдастыру туралы ұйғарым жолдады.

    Футбол ойнау кезінде жарақат алған кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

    Павлодар облысында баланың үстіне футбол қақпасы құлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.