jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астана маңында батпаққа батып, бір тәулік бойы шыға алмаған келіншек құтқарылды

    Батпақ
    Батпақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Астана маңында белуардан батпаққа батып, тәулік бойы шыға алмаған келіншек аман-есен құтқарылды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    Полиция мәліметінше, 33 жастағы тұрғын танысымен бірге қала сыртына шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Уайымдаған әпкесі дереу тәртіп сақшыларына хабарлаған.

    Әйел серуендеп жүріп жанындағы азаматпен ұрысып қалып, іле-шала сол жерден жалғыз жаяу кетіп қалған. Телефоны да өшірулі болыпты.

    Тәулік өткен соң полицейлер оны беліне дейін батпаққа батқан күйінде тапты. Әйел өздігімен шыға алмаған. Әбден әлсірегені болмаса, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Астана маңында батпаққа батып, бір тәулік бойы шыға алмаған келіншек құтқарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.