jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақ: экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды

    қаза тапқан әскерилер
    Қаза тапқан әскерилер. Фото: t.me/modgovkz

    Бүгін, 12 тамызда су асты іздестіру жұмыстары барысында экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін, 12 тамызда экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Амангелдінің денесі табылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат.

    Айта кетейік, 10 тамызда экипаж командирі майор Нұржігіт Үйсінбаевтың денесі табылып, анықталған еді. Министрліктің мәліметінше, ол эскадрилья командирінің (армиялық авиация) тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары болды. 1-сыныпты ұшқыштың EC-145 тікұшағын басқаруда тәжірибесі мол, жалпы ұшу уақыты – 930 сағат болған. Жоғары кәсіби дайындығымен, жауапкершілігімен, бастамашылдығымен және әскери борышына адалдығымен ерекшеленген ол әріптестері мен қолбасшылық арасында зор құрметке ие еді.

    Ал 11 тамызда іздеу топтары авиациялық эскадрилья авиациялық буынының борт технигі капитан Бақтияр Ержігітовтің денесін тапты. 1-сыныпты маманның EC-145 тікұшағын басқаруда тәжірибесі жеткілікті, жалпы ұшу уақыты – 300 сағат. Авиациялық бөлімдерде көп жылдық тәжірибе жинақтаған жоғары білікті маман, бейіндік дайындықтан өткен.

    Қаза тапқан ұшқыштардың үшеуі де – Әуе қорғанысы күштері әскери институтының түлегі. Әріптестері марқұмдарды әрдайым көмекке дайын, қайырымды, әрі жанашыр азамат ретінде еске алады.

    Қорғаныс министрлігі акваторияны және оған іргелес аумақты зерттеу бойынша іздестіру шаралары жалғасатынын мәлімдеді. Осыған сәйкес тікұшақ бөліктерін анықтау және жағаға шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

    Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштерінің басшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.

    Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақ: экипаждың үшінші мүшесінің денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.