jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда үстіне бұтақ құлаған әйел мерт болды

    Өтуге болмайды
    Сигналдық лента. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматыда әйелдің үстіне бұтақ құлап, мерт болды. Оқыс оқиғаның мән-жайын қалалық полицияның баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Оқиға бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мән-жайы анықталып жатыр", - деді полициядағылар.

    Tengrinews порталының хабарлауынша, 27 жастағы марқұмның артында 6 жасар баласы қалды.

    Маусымда Павлодар облысында да осындай қайғылы оқиға болған – Ақсуда дауыл кезінде ағаш бұтағы автокөлікке құлап, әйелдің кеудесін тесіп өткен еді.

    Марқұм автокөліктің алдыңғы жолаушы орындығында отырған. Құлаған ағаштың бір бөлігі марқұмның кеудесіне түскен. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады.

    Әкімдіктің мәліметінше, сол күні дауыл салдарынан 16 адам зардап шекті, оның үшеуі бала.

    Алматыда үстіне бұтақ құлаған әйел мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.