jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда тұрғын үй ауласында кішкентай қызды ток соқты

    Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында кішкентай қызды тоқ соқты, деп хабарлайды Kazinform.

    Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиға туралы желіде зардап шеккен баланың анасы айтты. Оның сөзінше, оқиға Науаи, 39 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласында болған.

    "Үй ауласындағы шам бағанасының жанында бір арматура шығып тұрды. Ойнап жүріп қызым соған тиіп кетті де, құлап түсті. Кейін арматурадан тоқ соққанын түсіндім. Қызым қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деді баланың анасы.

    Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша Әуезов ауданына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    "Істің нақты мән-жайы анықталғаннан кейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.

    Кейін ақпарат агенттігіне Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері зардап шеккен қыздың жағдайы туралы мәлімет берген. Қыз Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Қазір жағдайы орташа ауырлықта.

    "Бала әуелде реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Кейін бейінді күйік бөліміне ауыстырылды. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр", - дейді басқармадағылар.

    Алматыда тұрғын үй ауласында кішкентай қызды ток соқты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.