jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен екі туристің бірі көз жұмды

    тауда ұшып жүрген тікұшақ
    Туристерді іздеу және құтқару операциясы. Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

    Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен туристерді іздеу және құтқару бойынша операция аяқталды. Олардың бірі қайтыс болған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 1 қыркүйекте 112 пультіне яғни Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 1996 және 1997 жылғы екі жігіттің жоғалып кеткені туралы туысынан хабарлама келіп түскен.

    Хабарламада олардың 31 тамызда Шымкенттен тауға шығып, қайта оралмағаны айтылған.

    Хабарлама келіп түскен бойда дереу іздестіру-құтқару іс-шаралары басталған.

    Іздеу жұмыстары Сайрамсу шыңы ауданында теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте, "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің аумағында, Қасқасу ауылынан 8 км жерде жүргізілген.

    Туристерді іздеу және құтқару операциясы
    Туристерді іздеу және құтқару операциясы. Оқиға орнынан фото: t.me/qr_tjm

    Іздеу-құтқару жұмыстары қол жеткізу қиын және қауіпті таулы жерлерде жүргізілген. "Ізгі ниет" асуы ауданындағы операция барысында ТЖМ құтқарушылары туристердің бірімен дауыстық байланыс орнатқан. Ол екінші жігіт 1996 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы екенін хабарлаған.

    Күрделі бедерлерге байланысты тікұшақ оқиға орнына жақындай алмаған және құтқару тобы жаяу жүруді жалғастырған.

    Сондай-ақ құтқарушылардың бастамасымен Шымкенттегі базадан Қазақстан альпинизм федерациясының бес кәсіби альпинисі жеткізілген, олар құтқарушылармен бірлесіп іздеу және эвакуациялау жұмысын жалғастырған.

    Альпинистер арнайы жабдықты пайдаланып, жартастарға көтеріліп, тірі қалған туристті, сондай-ақ қайтыс болған адамның денесін тапқан.

    Аман қалған турист пен марқұмның денесі төмен қарай тасымалданған.

    "Құтқарылған адам туыстары күткен таудың етегіне атпен эвакуацияланды. Марқұмның денесі де түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді", - делінген хабарламада.

    Құтқару операциясына ТЖМ жеке құрамының 18 адам және 5 техника, Орман шаруашылығы, полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, Қазақстан альпинизм федерациясының альпинистері, сонымен қатар ТЖМ-ның ұшқышсыз ұшу аппараттары мен "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылған.

    Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен екі туристің бірі көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.