jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Балаларын анасынан қызғанған тәрбиеші жеткіншектерді бауыздап өлтірді

    : UGC

    Нью -Йоркте екі баланы анасынан қызғанған 55 жастағы бала тәрбиелеушісі жеткіншектерді бірнеше жерден пышақтап өлтірген деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Нью Йоркте балалардың анасын көре алмаған бала тәрбиелеушісі қос жеткіншекті бауыздап өлтірді
    Нью Йоркте балалардың анасын көре алмаған бала тәрбиелеушісі қос жеткіншекті бауыздап өлтірді: UGC

    Нью-Йоркте бұрын-соңды болмаған сұмдық оқиға орын алды. 55 жастағы бала тәрбелеушісі Йоселин Ортега балалалардың анасынан кек алу үшін, оның екі бірдей перзентін бауыздап өлтірген.

    Сәбилердің анасы Марина Кримнің айтуынша, ол сол күні суық хабар болатынын сезгендей, үйіне ерте келген. Үйдің ішін тексеріп шыққан ол, жуынатын бөлменің қан-жоса болып жатқанын көреді.

    «Өз көзіме өзім сенбедім, орын алған жайттың бәрі өтірік, ертегі болса екен дедім. Бірақ, өкінішке орай, ол шын, балапандарымнан қапыда айырылып қалдым»,-дейді балалардың анасы.

    Осылайша, бала тәрбиешісінің 6 жастағы Люсияға 20-30 рет пышақ сұққаны белгілі болды. Қылмыскер осынша көп жерден пышақтауының себебін, кішкентай қыз баланың оған қарсылық көрсетуімен түсіндірген екен.

    Ал екі жасар Леоны ол 5 жерден пышақтаған. Ал, марқұмдардың анасы үйге келген сәтте, қылмескер өз-өзіне қол салмақ болған.

    Құзырлы органдар Йоселин Ортеганың аталған отбасында екі жылдан астам уақыт бойы қызмет еткендігін және Марина Кримді көре алмай келгендігін анықтаған. Қанышер қылмыскер өзінің 17 жастағы ұлын Доминикана Республикасына жөнелтіп, оны жекеменшік мектепте оқытпақ болған. Алайда, оның оған қаражаты жетпеген.

    Үй қожайындары Йоселинге үй күтушісі қызметін ұсынғанда, ол тіптен ашуға булыққан. Десе де, келіншек өз кінәсін мойындамай, оны тек «бассыздық» деп отыр.

    Балаларын анасынан қызғанған тәрбиеші жеткіншектерді бауыздап өлтірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.