jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомство шенеунігінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

    Тұрсын Қабдұлданов
    Тұрсын Қабдұлданов. Фото: ortcom.kz

    Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі БАҚ беттерінде Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Тұрсын Қабдұлдановтың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ведомствоның баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан өзінің Facebook парақшасында Қабдұлдановтың қазан айында жұмыстан шығып кеткенін хабарлады.

    "Денсаулығына байланысты 2020 жылдың қазан айында ол өз еркімен жұмыстан кеткен. Сонымен қатар журналистер жазып отырған отандық ірі қара малға диагноз қою туралы бұйрық 2017 жылы қабылданып, сол кездегі Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен келісілген. Бұл сұрақтармен құқық қорғау органдары айналысатын болады", - деді Жанжігіт Омархан.

    Омарханның ақпаратына сүйенсек, Тұрсын Қабдолдановты Экономикалық тергеу қызметі тұтқындаған.

    Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ беттерінде 59 жастағы Тұрсын Қабдұлдановтың 18 қарашада Республикалық ветеринариялық зертхана ісін тергеу аясында тұтқындалғаны туралы ақпарат жарияланды.

    Ал зертхана басшысы Нұрлан Сбанов өткен айдың ортасында ұсталған болатын.

    Шенеуніктер жарты миллиард теңгені жымқырған деген күдікке ілінген. Оларға ірі қара мен ұсақ малдың хламидиозын диагностикалауға бөлінген қаражатқа қатысты айып тағылған.

    Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевқа тінту жүргізілді деген ақпарат тараған еді. Әзірге органдар бұл хабарды не растап, не жоққа шығарған жоқ. Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, өңір басшысының бірінші орынбасары жұмыс орнында.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомство шенеунігінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.