jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Сотталған ҰҚК полковнигіне қатысты үкім қайта қаралып, ол бас бостандығынан айырылды

    Түрме
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Осы жылдың қаңтарында сот ҰҚК полковнигі Е.Е. Арыстан мен оның әйелі Э. Дүйсенқызын алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Оларға бостандықты шектеу жазасы тағайындалды, бірақ апелляциялық сот үкімін өзгертті деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайты.

    25 қаңтарда сотталушыларға қатысты сот үкімін елорданың Есіл ауданының №2 аудандық соты шығарды. Е.Е. Арыстан мен Э. Дүйсенқызы алаяқтық жасағаны үшін және ер адам пара беруге шақырғаны үшін сотталды.

    Сотталушылар жәбірленушінің ұлын академияға қабылдауға көмектесуге уәде берді. Оқу орнының өкіліне пара беруді сылтау етіп, айыпталушылар одан 15 мың АҚШ долларын (6,2 млн теңгеден астам) алған.

    Бір күн бұрын қалалық сот Е.Е. Арыстанға қатысты үкімді қайта қарады. Оған "лауазымды адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен байланысты" алаяқтық жасады деген айып тағылды.

    Осыған байланысты жаза өзгертілді.

    Оның бостандығын шектеудің орнына, ол 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, оған қоса, орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтейтін болып шешілді. Сонымен қатар өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарда қызмет ету құқығынан айырылды.

    Оның әйеліне қатысты үкімге прокурор наразылық білдірген жоқ. Ол өзгеріссіз қалды.

    Сотталушылардың адвокаттары өз кезегінде сот үкіміне қарсы шағымданып, өз клиенттерін ақтауды сұрады, бірақ олардың шағымдары қанағаттандырылмады.

    Еске салсақ, Ақтөбе облысында Алға ауданының 20 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы жалған ақпарат бергені үшін сотталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.