jitsu gif
Оқыс оқиға

    Зейнеткердің есепшотынан 2 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған қарағандылық ұсталды

    Ұялы телефон
    Көрнекі фото: polisia.kz

    Қарағандыда 72 жастағы тұрғынның жеке шотынан бір миллион 700 мың теңге шешіп алған жігіттің ісі әшкере болды деп хабарлайды Polisia.kz.

    8 шілде күні Қарағанды тұрғыны қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне жүгінген. Зейнеткер шотынан бір миллион 700 мың теңгенің жоғалып кеткенін айтқан.

    Полиция қылмыстың мән-жайын анықтауға кіріскен.

    Белгілі болғандай зейнеткер пансионатта тұрып, пәтерін адамдарға жалға беріп жүрген.

    Бір күні ол қаладағы ұялы телефон сататын сауда үйлерінің біріне жалға беру туралы келісім жасауға барған. Кездесуге келген ер адам зейнеткердің ұялы телефонды жақсы білмейтіндігін пайдаланып, "қосымша бағдарламалар жазып беремін" деп сылтауратып жеке есепшотындағы бір миллион 700 мың теңгені шешіп алған.

    Аталған факт бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) дейін қылмыстық іс қозғап, күдіктіні іздей бастаған.

    15 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстаған.

    Күдіктінің айтуынша, зейнеткердің ұялы телефонын алғаннан кейін ол тиісті қосымшаны орнатқан, оның көмегімен ондағы бар қаражатты жәбірленушінің жеке шотынан шешіп алған.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Оралда ер адам банкомат жанында зейнеткердің ақшасын алып қашқаны туралы жазған едік.

    Жедел кезекші пультіне хабарласқан 1953 жылғы тұрғын белгісіз жас адамның өзіне шабуыл жасап, 125 мың теңгесін алып, бой тасалағаны жөнінде айтқан. Күдікті бірнеше минуттан кейін қолға түскен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.