jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ресейде бойжеткенді 9 күн бойы зорлаған күдікті ұсталды

    Зорлау
    Көрнекі фото: goodhouse.ru

    Ресейдің Нижний Новгород қаласында ер адам 23 жастағы бойжеткенді 9 күн бойы жертөледе қамап, зорлаған. Күдікті сенбіге қараған түні ұсталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Бойжеткен 24 тамыз күні жоғалып кеткен. Тергеу мәліметіне сәйкес, 39 жастағы ер адам жәбірленушімен сайт арқылы танысқан. Кездесуден кейін бойжеткен ер адаммен бірге кетті. Бұдан соң жәбірленушімен байланыс үзілді.

    Бастапқыда адам өлтіру фактісі бойынша іс қозғалған. Кейін бойжеткен гараждың жертөлесінде табылды.

    Ол тоғыз күн бойы сол жерде кісенмен байлаулы отырған. Ер адам пышақпен қорқытып, күн сайын зорлағаны белгілі болды.

    Жәбірленуші құтқарылған соң полицейлер күдіктіні тапты. Ол екі тәулік бойы жасырынған. Жұмадан сенбіге қараған түні қолға түсті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.