jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары ұсталды

    Шенеунік
    Көрнекі фото: pexels.com

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысының экология департаменті басшысы орынбасарының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

    Шенеунік ЖШС директорынан кәсіпкерлер пайдасына іс-әрекеттер жасағаны және олардың мұнай қалдықтарын өңдеу саласындағы қызметіне қамқорлық көрсеткені үшін бұрын келісілген 100 млн теңгеден 50 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.

    Лауазымды тұлға ұсталып, Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    Сонымен қатар, кеше оның алдында қызмет атқарған Бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Аптикаликовтың Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған үкімі жарияланды.

    Ағымдағы жылдың ақпан айында ол 30 млн теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталды.

    Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.