jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Оқушыны естен танғанша ұрған: БҚО-да мектеп басшылығы жазаланды

    Мектеп
    Көрнекі фото: zakon.kz

    Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында оқушыны есінен танғанша ұрып-соғу дерегі тіркелген Подстепновский орта мектебінің қызметін тексеру нәтижесі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізілді. Арнайы комиссия құрылып, мектептегі оқу-тәрбиелік жұмыстармен танысты. Білім беру мекемесі директорының үш орынбасарына жұмысына салғырт қарағаны үшін ескерту жасалды.

    Бұл әкімшілік жаза. Қазіргі уақытта кикілжің басылды",- деді Теректі аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова.

    Айта кетейік, соққыға жығылған оқушының анасы осыған дейін мектеп директорына бірнеше ескерту айтқан еді, ал қазір ешқандай наразылығы жоқ.

    Еске салсақ, осыған дейін Подстепновский орта мектебінің 7- сынып оқушысының анасы ұлын жоғары сынып оқушысы есінен танғанша ұрып-соққанын айтқан еді.

    Зардап шеккен баланың анасы мектеп директоры тәрбие сағатын өткізбейтінін, білім беру мекемесінде тәртіп жоқ екенін мәлімдеген болатын.

    Оқушыны естен танғанша ұрған: БҚО-да мектеп басшылығы жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.