jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Павлодар облысында 72 жастағы әжей өзіне тыныштық бермеген ұлын түрмеге қаматып тастады

    72 жастағы Павлодар тұрғыны полиция қызметкерімен бірге
    72 жастағы Павлодар тұрғыны полиция қызметкерімен бірге: pavlodarnews.kz

    Павлодар облысы Ақсу қаласының 72 жастағы тұрғыны үйде отырып жанжал шығарып, өзіне тіл тигізген ұлының үстінен полицияға шағым түсірді. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.

    Ақсу қаласы полиция бөлімінің мәлімдеуінше, өкінішке қарай, әйелдер мен балаларға қатысты қатыгездік біздің қоғамда жиі кездеседі.

    "Егер отбасында үстемдік, ашуланшақтық, мазасыздық тәрізді психологиялық ерекшеліктері бар адамдар болса, сәйкесінше, жанжалдардың пайда болу қаупі көбірек кездеседі. Осының салдарынан отбасының әлсіз мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылық болуы мүмкін. Алайда, көптеген әйелдер тұрмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша полицияға жүгінгеннен кейін татуласып, құзырлы органдардан шағымын жиі қайтарып алып жатады", - делінген баспасөз хабарламасында.

    Мәселен, жуырда тәртіп сақшыларына 72 жастағы зейнеткер үйде отырып жанжал шығарған және әдепсіз тіл тигізіп, анасына психологиялық және моральдік қысым келтірген ұлына қатысты шағым түсіріп, оны сабасына түсіру үшін шара қолдануды сұраған.

    "Осы шағымға орай учаскелік полиция инспекторы ашулы жігітке қатысты қорғау нұсқамасын шығара отырып, әкімшілік хаттама толтырды. Қорғау нұсқамасы жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, оған тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушіні іздестіруге, қудалауға, оған баруға, ауызша немесе телефон арқылы сөйлесуге, онымен өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады", - делінген хабарламада.

    Сот қаулысымен азамат отбасылық жанжалда кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Бірақ қамауға алынғаннан бірнеше күн өткеннен кейін, ұлы қайтадан анасына жанжал шығарып, сол арқылы қорғаныс бұйрығының әрекетін бұзған. Осыдан кейін ол қайтадан 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Сонымен қатар, сот қаулысымен оған ерекше талаптар қойылған.

    "Мінез-құлыққа ерекше талаптардың қолданылу мерзімі ішінде құқық бұзушы полиция органдарына айына бір реттен төрт ретке дейін келуге міндетті. Құқық бұзушының мінез - құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 7 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады", - делінген хабарламада.

    Павлодар облысында 72 жастағы әжей өзіне тыныштық бермеген ұлын түрмеге қаматып тастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.