jitsu gif
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкер анықталды

    Құжат
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Түркістан облысының полицейлері жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкерді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Созақ ауданы полиция басқармасына аудан әкімдігінен қатынас хат келген. Онда аудан әкімшілігінде заңсыз қаулылар енгізілгені көрсетілген. 

    Ақпарат алысымен созақтық полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының тарапынан ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы құжаттарды қолдан жасау және өткізумен айналысқан Созақ аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметкері анықталды. Ол аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

    Белгілі болғандай, күдікті ретінде танылған ер адам мемлекет есебінен тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы жалған құжаттарды жасаған. Полицейлер аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша тіркеп, сотқа дейінгі тергеу амалдарына кірісті.

    Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

    Түркістан облысында жалған құжат жасаған мемлекеттік қызметкер анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.