jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Тегін қызмет еттік": Көкшетауда екі жылғы еңбекақысын ала алмай жүрген күзетшілер жанайқайын айтты

    Күзетшілер
    Видеодан кадр: КТК телеарнасы

    Көкшетауда екі жылғы еңбекақысын ала алмай жүрген күзетшілер жанайқайын жеткізді. Олар "ҚазЭкспортАстық" холдингінің ішкі қауіпсіздігін 10 жылдай күзеткен. 20 шақты қызметкерге холдинг 33 миллион теңге қарыз, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Ашуға булыққан күзетшілер әділдік іздеп шарқ ұрып жүр. Өйткені "ҚазЭкспортАстық" холдингі бір жыл бұрын қарызға батып жабылып қалған.

    Ал оның күзетшілері Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 300 мың гектардан аса егістік алқап пен ондаған элеваторды қарауылдапты.

    "Біз өз еңбегімізді талап етіп келіп тұрмыз. Ешкімнен артық ештеңе сұрап тұрған жоқпыз. Екі жыл уәдемен тегін қызмет еттік. Бәріміздің бала-шағамыз бар. Ешкім бізді естімейді, ешкімге керек болмай қалдық", - дейді күзетші Жанарбек Ақышев.

    Телеарнаның мәліметінше, қызметтік көліктің қосалқы бөлшектері, жанармай, іс-сапар шығынын да күзетшілер өз қалтасынан төлеген. Қалтасынан жұмсалған ақшаның есебін компания мойындап, сот күзетшілердің пайдасына шешім де шығарған. Бірақ жаңа серіктестік ескі қарызға "қатысы жоқтығын" айтқан.

    "Іс жүзінде жаңа компания "ҚазЭкспортАстықтың" жері, мүлкімен бірге қарызды қайтару туралы да міндеттеме алды. Бірақ мына қызметкерлерге қолында сот шешімі бола тұра, 33 миллион теңге қарызын қайтармай отыр. Мен ол компанияға қызметкерлердің тізімін, сот шешімін, қарыз мөлшері көрсетілген құжаттарды толық жібердім. Олардың "білмейміз" деуі бекер", - дейді заңгер Александр Ивахненко.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    "Тегін қызмет еттік": Көкшетауда екі жылғы еңбекақысын ала алмай жүрген күзетшілер жанайқайын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.