jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қаңтар оқиғасы: Алматы облысының тұрғынынан ұрланған заттар тәркіленді

    Фото
    Фото: Polisia.kz

    Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан Алматы облысының тұрғынынан ұрланған заттар тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Кербұлақ ауданының полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 32 жастағы тұрғынды ұстады.

    Бұлтартпас айғақтардан кейін ұсталған азамат өз қылмысын мойындап, заңсыз иемденген заттарды қайтарып берді. Тергеу барысында күдікті 5 қаңтарда облыс орталығына келіп, заңсыз шеруге қатысқаны анықталды.

    Түнде белгісіз біреулердің “Технодом” дүкенін тонап жатқанын көріп, қолына тиген телефондар мен басқа заттарды жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмысын жасыру мақсатында ұрлаған заттарын өзгелерден жасырып қойған.

    "Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған тұрғынның мекенжайынан 10 ұялы телефон, екі планшет, 16 smart- сағат, сегіз құлаққап, бір роутер мен бір антирадар құрылғысы табылып тәркіленді. Сот шешімі бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", – деп хабарлады Кербұлақ АПБ бастығының орынбасары Алмас Бекиев.

    Тергеу барысында күдіктінің ұрлаған заңсыз дүниелерін сатып, ақшасын өз пайдасына жаратуды жоспарлағаны белгілі болды. Дегенмен, тәртіп сақшыларының жүйелі жұмысы қылмыскерлердің жымысқы әрекеттерінің алдын алуда.

    "Жауапкершілікті ескермей, ұрлап немесе тауып алған қарулар мен бағалы дүниелерді полиция органдарына өз еркімен әкеліп тапсыруды сұраймыз. Бұл әрекеттерінің сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде сіздердің пайдаларыңызға көмек болады.

    Әсіресе, қаруларды бірден құқық қорғау органдарына тапсырғандар жауапкершіліктен босатылатынын ерекше атап өткім келеді. Заңсыз табылған заттарды тасымалдау немесе сату кезінде ұсталған жағдайда қолданыстағы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертемін", – деп толықтырды Алмас Бекиев.

    Қаңтар оқиғасы: Алматы облысының тұрғынынан ұрланған заттар тәркіленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.