jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Атырау облысында тәртіптік жазадан ерте құтылған әкім 650 мың теңгеден астам сыйақы алған

    Абзал Рамазанов
    Абзал Рамазанов. Фото: gov.kz

    Атырау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес отырысында тәртіптік жаза мерзімінен бұрын негізсіз алынып тасталған әкім туралы белгілі болды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

    Басылымның мәліметінше, Индер ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары Есбол ауылдық округінің әкімі Абзал Рамазановтан белгіленген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын негізсіз алып тастағаны анықталды.

    Нәтижесінде оған 656 609 теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы төленген.

    Әдеп жөніндегі кеңес ақшаны бюджетке қайтару және тиісті лауазымды тұлғаларды тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс жасады.

    Айта кетейік, дәл осы отырыста Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының басшысы Равиль Төлебаевқа қатысты тәртіптік іс қаралған еді.

    Оған ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынас орната алмағанына байланысты қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

    Атырау облысында тәртіптік жазадан ерте құтылған әкім 650 мың теңгеден астам сыйақы алған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.