jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістан облысында 25 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды

    25 жыл бұрын жоғалған жігіт табылды
    Фото: polisia.kz

    Түркістан облысы Полиция департаменті КПБ-ның қызметкерлері жедел әрекет етіп, бір күн ішінде бірін-бірі 25 жыл көрмеген бауырларды қауыштырды. Осылайша, полицияға мүлдем арызданбаған Ботакөз Толыбаеваға бауыры табылғаны жөнінде хабар жетті деп хабарлайды Polisia.kz.

    Облыстық полицияға жергілікті тұрғын хабарласып, Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде жігітті тұтқында ұстайтындығы туралы арыз түсірген. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 126-бабы (Заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша Түркістан облысы ПД-де тіркелді.

    Ақпарат алысымен департамент қызметкерлері барлық қажетті тергеу әрекеттерін шұғыл атқарды.

    Нәтижесінде, полицейлер жігіттің ата-анасы кішкентай кезінде қайтыс болғанын, содан ол балалар үйінде, сондай-ақ интернатта тәрбиеленгенін анықтады.

    Ер жеткен соң, 10 жыл бойы облыс аудандарындағы түрлі шаруашылықтарда жалдамалы жұмысшы болғаны және жұмыс берушілер тарапынан азап көргені белгілі болды.

    Сондай-ақ, жігіттің өзінің жақын туыстары мүлде есінде сақталмаған. Бірнеше сағат бойы жан-жақты жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде полицейлер Түркістан қаласының жанындағы Сауран ауданында тұратын жас жігіттің туыстарын тапты.

    Тәртіп сақшылары жігіттің үлкен әпкесі мен жездесін Полиция департаментіне алып келді. Мұнда бір-бірінен көз жазып қалған ағайындылардың көптен күткен кездесуі өтті. Бауырлар ұзақ жылдардан кейінгі табысу кезінде, қуаныштың көз жасын жасыра алмады.

    Белгілі болғандай, әйел бірнеше жыл бойы жоғалған інісін өздігінен іздеп, таба алмаған. Бауырымен қауышқан әпкесі Ботакөздің айтуынша, олардың ата-аналары бала кезде қайтыс болыпты.

    Ал туыс ағасы оның екі бауырын балалар үйіне өткізген. Сол кезде үлкені 9 жаста, кішісі төрт жаста екен.

    Кейіннен олардың ең кішісінен қол үзіп, ізін жоғалтып, хабарсыз қалған. Содан інісін табуға 2020 жылдан бастап кіріскен. Алайда полицияның көмегіне жүгінбеген, мүлдем арызданбаған.

    Туыстары Түркістан облысы ПД полицейлеріне, көп жыл бұрын жоғалып кеткен інісін тауып, мәселелеріне назар аударған жанашырлығы үшін алғысын білдірді. 

    "Ризамыз, Түркістан облысының полицейлеріне. Бала кезде көз жазып қалған бауырымды тауып бергеніне. Інімді көріп, өзімді өмірдегі ең бақытты жан сезініп отырмын. 25 жыл бойы осы сәтті қанша армандап, күттім. Бүгін міне аман-есен, жігіт болған ініммен кездестім. Қуанышымда шек жоқ", – деді тұрғын.

    Өз кезегінде тергеушілер осы жайт бойынша мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

    Түркістан облысында 25 жыл бұрын жоғалып кеткен жігіт табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.