jitsu gif
Оқыс оқиға

    Өскемен қаласында 7 жасар баланы иттер талап өлтірді

    Ит
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде Өскеменде 7 жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы ақпарат тарады. Онда оқиға қаладағы бау-бақша серіктестерінің бірінде болғаны айтылған. Бұған қатысты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    "Біз, Лесхоз ауылындағы "Надежда", "Эдельвейс" бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қоқыс тастайтын қауіпті аймақта тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз", - деп жазылған жергілікті тұрғындардың хабарламасында.

    Бұған қатысты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті пікір білдіріп, өткен жылдың 17 желтоқсанында Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

    Сот сараптамасы тағайындалғаны белгілі болды.

    Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.