jitsu gif
Оқыс оқиға

    Елордада ұрланған 16 млн теңгенің көлігі Алматыда 10 есе арзан бағаға сатылып кеткен

    Көлік
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Елордада ЖШС гаражынан 16 млн теңге тұратын жол талғамайтын көлік ұрланған. Анықталғандай, қаскөйлер ұрланған көлікті Алматыда 10 есе арзан бағаға, яғни 1,7 млн теңгеге сатып жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, Mitsubishi L200 көлігі елордада ЖШС аумағынан түнде ұрланған. Қаскөйлер қоршаудан өтіп, көлік тұрған гараждың терезесін сындырып, темір тұлпарды ұрлап кеткен.

    Тәртіп сақшыларының айтуынша, көліктің есігі құлыпталмаған, ал кілт тұтандыру тетігінде болған екен.

    Полицияға арыз түскеннен кейін тәртіп сақшылары бірден көлікті іздеуге кіріскен. Нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні қолға түсірген. Екеуі де 20 жаста.

    "Ұрлағаннан кейін жігіттер мемлекеттік нөмірін ауыстырып, Алматыға барып, көлікті құжаттарсыз сатып жібергені анықталды. Олар құны 16 млн теңге тұратын көлік құралын 1,7 млн теңгеге сатқан. Көлікті сатып, елордаға оралған күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар полиция ұрланған көлікті сатып алған адамның темір тұлпарды басқа бөтен адамға қайта сатып жібергенін анықтаған.

    Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер кінәсін мойындап, түсініктеме берген.

    "Көліктің қайда екенін және оны сатып алғандарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полициядан.

    Елордада ұрланған 16 млн теңгенің көлігі Алматыда 10 есе арзан бағаға сатылып кеткен

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.