jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Өзбекстанда той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген жігіт жазадан құтылып кетті

    күйеу бала11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Өзбекстанның Сурхандарья облысына қарасты Ұзын ауданында өткен үйлену тойындағы жағдай бейбіт жолмен шешілді. Қалыңдық тойда өзін ұрып жіберген күйеу жігітке кешірім берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы qazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

    Айта кетелік, бұған дейін әлеуметтік желіде той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген жігіттің видеосы тарап, қызу талқыға түскен еді.

    Бұл жайт туралы туралы немістің Bild басылымы да жазды. Сондай-ақ аталған видеоны кореялық JTBC телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

    Кейін күйеу жігітке қатысты полиция Әкімшілік кодекстің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғағаны белгілі болды. Аталған бап бойынша 3-тен 5 есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған еді.

    Алайда ер адамға қатысты сот ешқандай әкімшілік жаза тағайындамаған. Бұған жас келіншектің күйеуінің үстінен арыз түсірмегені себеп болған.

    Өз кезегінде күйеу жігіт той үстінде қалыңдығын ұрғаны үшін кешірім сұрап, мұндайдың енді қайталанбайтынын айтқан.

    "Мен өзімді ұстай алмай қалдым. Арадағы түсініспеушілік шешілді де, той әрі қарай жалғасты. Қалыңдықтан кешірім сұрадым, мұндай енді қайталанбайды", - дейді күйеу жігіт.

    Жігіттің бұл қылығы үшін өкініп жүргенін келіншектің анасы да растады. Ол той үстінде құдалар жағы кешірім сұрап, көңілді кеш одан әрі жалғасқанын мәлімдеді.

    Өзбекстанда той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген жігіт жазадан құтылып кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.