jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда босанғаннан кейін қайтыс болған әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

    қылмыстық іс
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Биылғы жылдың 30 маусымында "Акушерлік, гинекология және геронтология ғылыми орталығы" АҚ-да 1988 жылы туған азаматша босанғаннан кейін қайтыс болған. Әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Медеу ауданының прокуроры Facebook парақшасында.

    "Аталған дерек бойынша, Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті тергеу әрекеттері мен сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде", - дейді Медеу ауданының прокуроры Асхат Жақыпов.

    Сонымен қатар ол қылмыстық істі тергеу барысы аудан прокуратурасының бақылауында екенін атап өтті.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматыда босанған соң көп ұзамай тағы бір келіншек көз жұмған еді.

    Алматыда босанғаннан кейін қайтыс болған әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.