jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Жетісу облысында заңсыз берілген 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды

    пәтер1
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Талдықорған қаласында арнайы комиссияның тексеруінен кейін 14 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

    Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған әкімі соңғы бес жылда мемлекеттік қордан 1000-нан астам пәтер мен үй заңсыз берілгенін хабарлаған болатын. Арнайы құрылған жұмыс тобы жыл басынан бері коммуналдық тұрғын үй қорын түгендеу жұмыстарымен айналысып келеді.

    Жұмыс нәтижесінде қаланың тұрғын үй қорында тіркелген, бірақ бос тұрған баспаналар анықталды.

    "16 шілде күні Жетісу облысы прокурорының орынбасары және Талдықорған қаласы прокуроры тұратын пәтерлер тексерілді. Бұл пәтерлер қала әкімдігінің балансында және жекешелендіру құқығынсыз қызметтік болып табылады. Қызметін тоқтатқаннан кейін пәтерлер жаңадан тағайындалған прокуратура қызметкерлеріне қайта бөлінетін болады", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

    Ақпаратқа сәйкес, алдағы уақытта барлық қайтарылған пәтерлер қолданыстағы заңнама аясында қаланың кезекте тұрған азаматтарына бөлінеді.

    Сонымен қатар, бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша 14 пәтер қайтарылып, кезекте тұрғандарға үлестірілді. Сондай-ақ әкімдікте осы бағыттағы жұмыс үнемі бақылауда болып, одан әрі жалғасатынын атап өтті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.