jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Қарағандыда жігіт пен қыз төбелесіп, дәмхананың терезесін сындырды

    Қыз бен жігіттің төбелесі
    Видеодан кадр: Әлеуметтік желі

    Қарағандыда куәгерлер дәмханаға келген жігіт пен қыздың арасындағы төбелесті видеоға түсіріп алды. Төбелес кезінде жанжалдасушылардың бірі ойын-сауық мекемесінің әйнегін сындырған, деп хабарлайды Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқиға Қарағандының орталығындағы Нұркен Әбдіров даңғылы бойында орналасқан дәмханалардың бірінің ауласында болған.

    Желіде тараған бейнежазбада ойын-сауық мекемесінің алдындағы көшеде ер адамның аяғы мен қолынан тартқан қыздың қалай жерде жатқаны түсіп қалған. Ары қарай видеода дәмхананың кіреберісіне жақын жерге отырып алған қыздың дауыс көтеріп, айғайлап отырғанын, оған қол көтерген жігіттің айналадағының бәрін қиратып жатқанын көруге болады.

    Сәлден соң ашулы жігітті ақылға шақырған бірнеше адам жағдайға араласа бастайды.

    Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді. Ведомствода Орталық полиция бөліміне дәмхана қызметкерлерінен қоңырау бүгін сағат 08:00-де түскенін айтты.

    "Оқиға орнына жеткенде ойын-сауық мекемесінің әкімшісі клиенттердің бірі көшеде жүріп, сүйіктісімен жанжал кезінде мүлікті бүлдіріп, әйнекті сындырғанын айтты. Полиция бөліміне жанжалға қатысушы 23 жастағы жігіт жеткізілді. Мән-жай анықталып жатыр, бұл дерек полицияда тіркелді", – деп хабарлады ведомстводан.

    Жәбірленушінің полицияға арыз жазған-жазбағаны әзірге белгісіз.

    Қарағандыда жігіт пен қыз төбелесіп, дәмхананың терезесін сындырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.