jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда 23 жастағы жігіт мешітте ұрлық жасады деген күдікке ілінді

    Жұма намазы
    Көрнекі фото: "Азаттық рухы" басылымы

    Алматыда 23 жастағы жігіт мешітте ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылым дерегінше, ол мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алған. Күдікті осыған дейін де ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болған.

    "Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды.

    Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды", –  дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

    Полиция қызметкерлері бұдан да көп эпизодтар болуы мүмкін екеніне сенімді. Сондықтан тәртіп сақшылары бұл ер адамның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 254-48-72.

    Алматыда 23 жастағы жігіт мешітте ұрлық жасады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.