jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Елордалық әйел ойын алаңынан балалардың ұялы телефонын ұрлады деген күдікке ілінді

    Ұрлық сәті
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Полицейлер ойын алаңынан балалардың ұялы телефон ұрлады деген күдікпен елордалық тұрғынды ұстады. Тәртіп сақшыларының болжамынша, ұсталған әйел күйеуі мен баласы ел назарын басқа нәрсеге аударып тұрғанда ұрлық жасап жүрген болуы мүмкін, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің хабарлауынша, Сарыарқа ауданының полицейлері ұрлық жасады деген күдікпен Астана қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстаған.

    "Ерлі-зайыптының мұндай әрекетке екі айлық баласымен бірге барғаны анықталды. Күйеуі басқалардың назарын аударып, жақын жерде баласын бесік арбаға салып алып жүрген, ал әйел ойын алаңында жасөспірімдер футбол ойнап жүргенде ұрлық жасаған", - дейді ведомстводан.

    Тергеу барысында анықталғандай, сондай жағдайлардың бірінде әйел 10 жасар баланың ұялы телефонын ұрлап кеткен. Болжам бойынша, бұл оқиға кешкі уақытта Айманов көшесінде орналасқан үйдің ауласында орын алған. Бала ұялы телефонын заттарының үстіне қойып, футбол ойнап жүрген.

    "Сондай-ақ күдікті кәмелетке толмағандардың ұялы телефонын үш рет ұрлаған. Әйел ұрланған гаджеттерді сатып алушыларға өткізген", - деп толықтырды департаменттің баспасөз қызметі.

    Ведомствоның мәліметінше, ұсталған тұрғын кінәсін мойындаған.

    Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

    Елордалық әйел ойын алаңынан балалардың ұялы телефонын ұрлады деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.