jitsu gif
Оқыс оқиға

    Балтамен ұрған: ІІМ бетперде таққан жігіттердің әрекетіне қатысты түсініктеме берді

    Оқиға орнынан түсірілген видео
    Фото: Оқиға орнынан/Видеодан скриншот

    Әлеуметтік желілерде бетперде таққан әлдебір жігіттердің балта және өзге де құралдармен екі азаматқа зорлық-зомбылық көрсеткен видеосы тарады. Ішкі істер министрлігі polisia.kz сайтында осы оқиғаға қатысы бар күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.

    Министрліктің мәлімдемесіне сай, Ақтау қаласындағы екі оқиға әртүрлі уақытта болған.

    Екі факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Полицейлер қазіргі таңда жәбірленушілер мен үш күдіктіні анықтады. Ұсталған күдіктілер 16 және 21 жаста. Тағы бір күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүзеге асырылуда. Полициның дерегінше, тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғалардың толық мән-жайы анықталуда.

    Ал ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Балтамен ұрған: ІІМ бетперде таққан жігіттердің әрекетіне қатысты түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.