jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте полиция қызметінің бұрынғы бастығы сотталды

    Тергеу жүріп жатыр
    Фото: Otyrar.kz

    Өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған Шымкенттегі жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы Мұхтар Бұхарбаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Otyrar.kz.

    Сот шешіміне сәйкес, Мұхтар Бұхарбаев жеті жыл қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.

    Сонымен қатар оған өмір бойына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеуге тыйым салынды.

    Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Мұхтар Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

    Кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тың деректерді ұсынды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.