jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ақтөбеде 11 млн теңгенің малын ұрлағандар сотталды

    сотт
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ақтөбе облысы Темір аудандық соты мал ұрлап, 11 млн теңгеден астам шығын келтірген үш сотталушыға үкім шығарды. Үшеуі де 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Темір аудандық соты аса ірі мөлшерде мал ұрлаған, оған көмектескен және ұйымдастырған үш адамның ісін қарады. Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша қаралған істегі үш сотталушы да Темір ауданының тұрғыны.

    Іс материалына сүйенсек, сотталушылар күні бұрын келісіп, Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округі аумағындағы Қостам атты жайылымында жүрген ағайындылардың 24 бас жылқысын айдап кеткен.

    Салдарынан жәбірленушілерге 11 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Қазіргі кезде шығын толық көлемде өндірілді.

    "Сот отырысында сотталушы Б өзіне тағылған айыпты толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал сотталушылар Ж және К кінәсін мойындамады, тіпті оларды ақтауды сұрады. Жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс бойынша басқа да дәлелдемелер арқылы олардың кінәсі расталды.

    Сот сотталушысы Б-ның кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінетінін, балаларын ескерді. К және Б есімді сотталушыларды 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, Ж-ға 8 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - деді облыстық соттың баспасөз қызметі

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ақтөбеде 11 млн теңгенің малын ұрлағандар сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.