jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жамбыл облысында автокөлік жолдарын дұрыс күтіп ұстамағаны үшін 250 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

    Жолдың шетінде полиция көлігі тұр
    Облыс ішіндегі жолдар. Фото: Жамбыл облысы ПД

    Жамбыл облысында автомобиль жолдарын дұрыс күтіп ұстамағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 250 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

    Құзырлы орган әлеуметтік желіде биылғы 9 айда жол сапасына байланысты жүргізілген тексерулердің нәтижесін жариялады.

    Ондағы деректерге сүйенсек, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында биыл тоғыз айдың ішінде жол-техникалық инспекция қызметкерлері ұзындығы 13 мың шақырымнан асатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарға 1782 тексеріс жүргізген.

    "Тексеріс барысында облыстың автожолдарында 11602 ақау анықталды. Жол ұйымдарының басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жоюға 1782 нұсқама жіберілді", – дейді ведомство өкілдері.

    Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаевтың айтуынша, сонымен қатар автомобиль жолдарын дұрыс күтіп ұстамағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 250 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Бұдан бөлек, Тұрар Рысқұлов және Шу аудандарының полиция бөлімі, сондай-ақ Тараз қаласы ПБ берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ауданның автожолдарын күтіп ұстауға жауапты лауазымды тұлғалар ӘҚБтК 462-бабы 3-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Сондай-ақ облыстық ПД өткен кезең ішінде автомобиль жолдарымен қиылысатын барлық 73 теміржол өткелдері тексеруден өткенін атап өтті. Тексеріс барысында 205 ақау анықталған.

    "Өткелдерге қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына кемшіліктерді жою үшін 68 нұсқама берілді. Теміржол өткелдерін күтіп ұстамағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 20 лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдарға жол қозғалысын жақсарту, яғни бағдаршамдар орнату, жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдерін, жол айырықтарын, автотұрақтар мен кіреберістерді салу бойынша ұсыныстары бар ақпараттық хаттар жолданды", – дейді ведомстводағылар.

    Жамбыл облысында автокөлік жолдарын дұрыс күтіп ұстамағаны үшін 250 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.