jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда серіктестік директоры жалған банкроттық дерегі бойынша сотталды

    Үкім
    Сот үкімі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Атырауда серіктестік директоры әдейі банкроттық жариялағаны үшін сотталды. Ол өзі басқаратын ұйымның 49 млн теңге салығын төлемеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Динислам» ЖШС-нің бұрынғы басшысына қатысты жалған банкроттық дерегі бойынша қылмыстық істі тергеді. Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды.

    ”Серіктестік директоры 2018-2021 жылдар аралығында кәсіпорынды төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізген. Осы мақсатта кәсіпорынның балансындағы автокөлік құралын, мүліктік масса болып табылатын есеп шоттағы қаражаттарды иеліктен шығарған. Сөйтіп, 49 млн теңге салық төлемі түріндегі кредиторлық берешегін төлеместен, серіктестікті әдейі банкроттыққа ұшыратқан”, - деп хабарлады департаменттің штаб басшысы Бекболат Әнесов.

    Сот үкімімен серіктестік директоры ҚР Қылмыстық кодексі 238-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған осы баппен кәсіптік мекемелерде басшы қызметімен айналысу құқығынан 1 жылға айыру, бас бостандығын 1 жыл мерзімге шектеу жазасы тағайындалған.

    ”Биылғы жылдың 6 айда 25 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Департамент қызметкерлері 43 қылмыстық істі тергеп, 20 істі сотқа жолдады. Қылмыстық істер бойынша келтірілген залал мөлшері – 1,3 млрд теңге.

    Бюджетке 495,3 млн теңге қайтарылды. 206,6 млн теңгенің мүлкіне тоқтам салынды. Жалпы, қайтарылған сома мөлшері – 701,9 млн теңге”, - дейді департаменттің штаб басшысы Бекболат Әнесов.

    Атырауда серіктестік директоры жалған банкроттық дерегі бойынша сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.