jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бас прокуратура: Шынында әуежайдың қауіпсіздігі осынша әлсіз емес еді

    Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы әуежайы
    Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы әуежайы. Видеодан кадр: "Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек". YouTube

    Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында Бас прокуратура қаңтар оқиғасы туралы бейнероликті ұсынды. Онда Алматы әуежайын бүлікшілердің қалай басып алғаны көрсетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бас прокуратура бүгін бір жыл бұрынғы қаңтар оқиғасына арналған он бір минуттық "Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек" атты бейнеролик ұсынды. Онда Алматы әуежайына бүлікшілердің қалай ғана оңай басып кіргені айтылған.

    "Бүлікшілер күштік құрылымдарға қосымша көмек келмес үшін автожолдарды, теміржолдарды жауып, әуежайларды өздерінің бақылауына алуға әрекет қылған.

    Бесінші қаңтар күні кешке бүлікшілер Ақтөбе әуежайын шабуыл жасайды және сол сәтте Алматы әуежайын басып алады. Бір топ адам Қазаэронавигация мекемесінің ғимаратына баса көктеп кіріп, ұшу-қону жолағындағы жарықты өшіреді.

    Шынында әуежайдың қауіпсіздігі осынша әлсіз емес еді. Содырлар келерден жарты сағат бұрын бүкіл күзетке "үйлеріңе қайтыңдар" деген бұйрық болғаны анықталды.

    Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар өңірде ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция департаменттерінің басшылары қарамағандағыларға жұмыс орнын тастап кету жөнінде бұйрық берген", – делінген бейнероликте.

    Бас прокуратура: Шынында әуежайдың қауіпсіздігі осынша әлсіз емес еді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.