jitsu gif
Оқыс оқиға

    Павлодарда "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары ұсталды

    конверттегі ақша
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Павлодар облысы бойынша "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары пара алды және бопсалады деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен ол қамауға алынды, деп хабарлайды "Хабар 24".

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, ол орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілдерінен екі миллион теңге сұраған. Аталған фактіні пошта операторының ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен анықтаған.

    Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктінің кінәлі не кінәсіз екенін сот анықтайтын болады.

    "Ол орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерді екі миллион теңге пара беруге мәжбүрлеген. Күні кеше ол сот санкциясымен қамауға алынды", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің жетекшісі Дархан Құрақбаев.

    Павлодарда "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.