jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Ақтаулық сот оқушы қызды азғындаған бапкердің жазасын жеңілдетуден бас тартты

    Спорттық аяқ киім
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Маңғыстау облыстық соты оқушы қызды азғындады деп айыпталған жаттықтырушының аппеляциялық шағымын қайта қарап, шешім қабылдады. Бұл туралы inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сотталушы тарап үкімнің күшін жоюды сұрап, шағым түсірген. Бұл туралы зардап шеккен тараптың адвокаты Ажар Әбділ хабарлады.

    Үкім 1 ақпан күні күшіне енген болатын.

    "Сот отырысы барысында аппеляциялық сот коллегиясы шағым түсірілген үкімнің заңды әрі әділ екеніне көз жеткізді. Сондықтан үкім күшінде қалып, сотталушы тараптың шағымы қанағаттандырылған жоқ", - деді Ажар Әбділ.

    Айта кетелік, оқушыны жаттықтырушының азғындағаны туралы ақпарат өткен жылдың қыркүйегінде таралды. Бұл жағдайды қыздың анасы баяндаған.

    Ал сотталушыға 2022 жылдың 28 желтоқсанында үкім оқылды. Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 121 бабының 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Ақтаулық сот оқушы қызды азғындаған бапкердің жазасын жеңілдетуден бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.