jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақмолада көршісінің үйінен 20 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ер адам ұсталды

    Үй ұрысы
    Ұры. Көрнекі фото: kr.informator.ua

    Полицейлер Ақмолада көршісінің үйінен 20 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ер адамды ұстады. Күдікті Қарағанды облысының аумағында қолға түскен, деп хабарлайды Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полиция мәліметінше, қазір қолды болған қаражаттың бір бөлігі тәркіленген.

    Ведомства мәліметінше, полицейлер 26 ақпан күні Қосшы қаласында ірі пәтер ұрлығын тіркеген.

    "Жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, ол бір жыл бойы 20 млн теңге көлемінде ақша жинап, жатын бөлмесінде сақтаған. Ұрлық болған күні өтініш берушінің өзі де, отбасының басқа мүшелері де үйде болмаған. Ал оқиға болған жерді тексеру барысында қандай да бір бұзып кіру іздері табылмады. Күдікті үйге кілттердің телнұсқасын пайдаланып кірген. Ұрлық фактісін полицейлер қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

    Дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде келесі күні Қосшы қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері өтініш берушінің көршісін Қарағанды қаласының аумағында қолға түсірді. Қазіргі уақытта ұрланған қаражаттың бір бөлігі тәркіленді", - деп хабарлады полиция.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.