jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен ер адам ұсталды (видео)

    Қолына кісен салынған ер адам.
    Қісен. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстанда журналистерге шабуыл жасау деректерін тексеріп жатқан полицейлер бұған қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

    Ведомство ақпаратынша, ІІМ мен ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы редакциялар мен БАҚ өкілдеріне жасалған шабуылдар дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

    "Журналистерге жасалған шабуылдарды ұйымдастырушы және бастамашы болған Қазақстан азаматы екені анықталды. Ол ұсталды және соттың рұқсатымен қамауға алынды", - дейді ІІМ өкілдері.

    Күдіктіге мынадай баптар бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып отыр:

    • Қылмыстық кодекстің 115 бабы “Қауіп-қатер”,
    • Қылмыстық кодекстің 147 бабы “Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу”,
    • Қылмыстық кодекстің 158 бабы “Журналистік қызметке кедергі жасау”,
    • Қылмыстық кодекстің 202 бабы “Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру”
    • Қылмыстық кодекстің 293 бабы “Бұзақылық”.

    "Ұсталған адам істеген әрекетін мойындады. Жауап алу барысында ол барлық шабуылды өз бетінше ұйымдастырғанын, бірқатар қазақстандық танымал БАҚ өкіліне бұрынғы талаптары болғанын мәлімдеді", - делінген ведомство сайтында.

    Тексеру кезінде күдікті құқыққа қайшы жоспарларын іске асыру үшін хакерлер тобы мен акцияларды орындаушыларды жалдағаны анықталды. Сондай ақ арандату жұмыстарын ұйымдастырып, орындаушыларға берілетін қаражатты криптовалюта операциясынан түскен пайда есебінен төлеп отырғаны белгілі болды.

    Ведомство тергеу жалғасатынын, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатынын мәлімдеді.

    Елімізде журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен ер адам ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.