jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Прокурор Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

    Қайрат Боранбаев
    Қайрат Боранбаев. Фото: Оlympic.kz

    Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысында прокурор оны бас бостандығынан айыру, мемлекеттік наградаларынан айыру және оның мүлкі мен қаражатына тыйым салуды сақтауды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова соттан Боранбаевты Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша – сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап етуге, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алуға немесе ысырап етуге жәрдемдесуге, сондай-ақ ақшаны немесе өзге де мүлікті Қылмыстық жолмен жылыстатуға кінәлі деп тануды сұрайтынын мәлімдеді.

    Прокурор Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды және өмір бойына мемлекеттік қызметте, соттарда, Ұлттық банкте, квазимемлекеттік секторда және т.б. лауазымдарды атқаруға тыйым салуды сұрады.

    Сондай-ақ прокурор президентке Боранбаевты мемлекеттік наградалар – "Құрмет", "Еңбек үшін", "Парасат" және 3-дәрежелі "Барыс" ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізуді ұсынды.

    Прокурор Боранбаевтың мүлкі мен ақшалай қаражатына тыйым салуды мүлікті тәркілеуге және оған қатысты басқа қылмыстық істі тергеуге байланысты өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

    Еске салсақ, белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев былтыр наурыз айында ұсталған болатын.

    Оған қатысты сот отырысы 30 желтоқсанда басталды. Кәсіпкер мен тағы екі тұлғаға мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге жымқыру және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған.

    Бірақ Қайрат Боранбаев өзіне тағылған айыптың мәнін түсінбейтінін және өз кінәсін мойындамайтынын айтқан еді.

    Прокурор Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.