jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында ер адамдар арасындағы төбелес атыспен аяқталды

    Мылтық. Көрнекі сурет
    Мылтық. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Жылыой аудандық соты бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айыппен ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Атырау облыстық сотының Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

    Атырау облысы Жылыой аудандық сотының ақпаратына сәйкес, іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша қаралды.

    Сотта анықталғандай, 2022 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 02.00 шамасында ішімдік ішу барысында айыпталушы ер адамның ағасы мен жәбірленуші арасында келіспеушіліктер туындап, арты төбелеске ұласқан. Төбелес барысында оқиға орнында болған басқа тұлғалар араша түсіп, күдіктінің ағасы төбелес орнынан кетіп қалған.

    "Сағат 02.45-те күдікті жәбірленушіге қоңырау шалып, оны кездесуге шақырған және сотталушы өзімен бірге аңшылық қаруын алып шыққан.

    Сағат 03.15-те күдікті бұзақылық ниетпен қоғамдық орында бөгде адамдардың көзінше ауызша келіспеушілік барысында аңшылық қаруынан жәбірленушіге қарай бір рет оқ атып жіберген", – делінген Атырау облыстық сотының хабарламасында.

    Атыс нәтижесінде жәбірленуші сол жақ санынан ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген.

    Күдіктінің кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да іс құжаттарымен дәлелденген. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Атырау облысында ер адамдар арасындағы төбелес атыспен аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.