jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    АҚШ-та күдіктінің мекенжайын шатастырған полицейлер басқа адамды атып жіберді

    Полицияның тапаншадан атып тұрған сәті
    Полицияның тапаншадан атып тұрған сәті. Көрнекі сурет: pixabay.com

    АҚШ-та Нью-Мексико штатының Фармингтон қаласында полиция қызметкерлері күдіктінің мекенжайын шатастырып, үй иесін абайсызда атып тастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ truecrimedaily сайтына сілтеме жасап.

    Нью-Мексико қоғамдық қауіпсіздік департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сәрсенбі, 5 сәуір күні сағат 23:30 шамасында орын алған. Полиция 5308 Valley View Avenu мекенжайында орналасқан үйге түскен хабарлама бойынша келуге тиіс еді. Бірақ олар қателесіп, 5305 Valley View Avenu мекенжайына келген. Полиция үйдің қожайындарымен бірнеше рет байланысқа шығуға тырысқанымен, нәтиже болмады.

    Фармингтон полициясының басшысы Стив Хеббенің айтуынша, полиция қызметкерлері мекенжайды тексеріп жатқан кезде үй иесі Роберт Дотсон сыртқа тапаншамен шыққан. Полиция қызметкерлері оны атуға мәжбүр болды, кейін оның әйелі де үй босағасынан полицияға оқ жаудырды, бірақ олардың тәртіп сақшылары екенін түсінген соң қаруын тастады.

    Роберт Дотсон оқиға орнында көз жұмды, оның әйелі зардап шекпеген. Ол қамауға алынған жоқ. Хеббе Нью-Мексико штатының полициясы оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлап, марқұмның отбасына көңіл айтты. Ол полиция камерасындағы бейнежазбаның жақын арада жарияланатынын мәлімдеді.

    Оқиғаға қатысы бар полиция қызметкерлері ақылы еңбек демалысына жіберілген. Олардың аты-жөні жарияланған жоқ, ал тергеу жалғасуда.

    АҚШ-та күдіктінің мекенжайын шатастырған полицейлер басқа адамды атып жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.