jitsu gif
Оқыс оқиға

    Бұрынғы қазақстандық содырдың жеті жасар қызы Сириядан елге қайтарылды

    Жеті жасар қыз бала Сириядан елге қайтарылды
    Жеті жасар қыз бала Сириядан қайтарылды. Видеодан кадр: ҰҚК баспасөз қызметі

    Жеті жасар қыз Сириядан Қазақстанға қайтарылды. Оны қайтару операциясы жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында.

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда.

    Ведомствоның ақпаратынша, 2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.

    Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүгінде ол медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде.

    Жақын уақытта ол туыстарының қамқорлығына беріледі.

    Ведомство мәліметінше, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарған.

    Бұрынғы қазақстандық содырдың жеті жасар қызы Сириядан елге қайтарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.